Жаңалықтар

Биыл 100 жылдық мерейтойын атап өткен 20 қария жаңа құжат алды

Биыл 100 жылдық мерейтойын атап өткен 20 қария жаңа құжат алды
Фото: Polisia.kz 19.12.2024 18:32 90

Биыл 100 жылдық мерейтойын атап өткен 20-дан астам қазақстандық құжат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл 100 жылдық мерейтойын атап өткен 20-дан астам қазақстандық құжаттанды. Олардың ең үлкені – 110 жаста. Оңай Бекбаева Түркістан облысы Жетісай ауданында тұрады. Жақында ол құжат алу үшін көші-қон қызметінің көмегіне жүгінді.

Облыс полицейлері жаңа жыл қарсаңында өңірдің ең қарт тұрғынына жаңа жеке куәлік пен төлқұжатты тапсырып, қал-жағдайын біліп қайтты. Полицейлер келген кезде әжей сәлемдесе алмады, бірақ балалары қонақтарды қуана қарсы алды. Оңай апа үш қызы мен екі ұлынан 33 немере мен 25 шөбере тәрбиелеп отыр. Әжейдің ұлдары мен қыздары полицейлердің көрсеткен ықыластарына алғыстарын білдіріп, халықтың тыныштығын қорғау саласындағы қиын қызметтеріне сәттілік тіледі.

ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің мәліметіне сүйенсек, биыл Қазақстанда 1,5 миллионнан астам жеке куәлік пен 2,5 миллион төлқұжат берілген. Айта кеткен жөн, денсаулығы нашарлаған және күнделікті жүріп тұруы қиын адамдарға көші-қон қызметтері тұрғылықты жері бойынша ұсынылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға