Биыл 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
13.09.2023 09:29
Фото:
©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ
Биыл еліміздің бірнеше өңірінде құрылыс қарқыны артты. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ке жоғары. Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Ұлытау және Абай облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында байқалды, - деді вице-министр.
Әмриннің сөзіне қарағанда, биылғы құрылыс жұмыстарының көлемі 11,4%-ке ұлғайған. Әсіресе құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Абай облыстарында байқалған.

