Биткоин бағасы алғаш рет 100 мың доллардан асты
Bitcoin криптовалютасының бағасы тарихта алғаш рет 100 мың АҚШ долларынан жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биткоин бағасының өсуіне Дональд Трамптың АҚШ президенті ретінде криптовалюталарға қолайлы саясат жүргізеді деген болжамы әсер еткен.
Жаңа рекорд Дональд Трамптың Комиссияның бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі басқарма (Securities and Exchange Commission, SEC) төрағасы қызметіне қазіргі мүшесі Пол Аткинсті тағайындауға ниетті екенін жариялағаннан бірнеше сағат өткен соң тіркелді.
Пол Аткинс қазіргі төраға Гэри Генслерге қарағанда криптовалюталарға оң көзқарас танытатыны жиі айтылады. Дональд Трамптың сайлауда жеңіске жетуі криптовалюта нарығына күшті серпін берді. Сарапшылардың айтуынша, қазіргі уақытта бұл нарықтың көлемі 3,3 триллион долларды құрайды.
Трамп АҚШ-ты "әлемдегі криптовалюта астанасы" етуге уәде бергенімен, үш жыл бұрын биткоинді "алаяқтық" деп атаған болатын.