Жаңалықтар

Бітімгершілік - бабалар дәстүрі

Бітімгершілік - бабалар дәстүрі
16.10.2019 15:53 2372

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Татуласу» орталығында болып, өңірдегі медиаторлардың жұмысымен танысты. Бұл кездесуге облыс аумағында қызмет етіп жүрген қоғамдық және кәсіби медиаторлар, билер кеңесінің мүшелері қатысты.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы медиация институтын насихаттау арқылы елімізде мәдениет пен құқықтық ағартуды арттыру, билер институтын жаңғырту жөніндегі бітімгершілік дәстүрін дәріптеп келеді. Осы мақсатта халықты татуластыру рәсімдері туралы кеңінен ақпараттандыру, дауларды соттан тыс шешу, сотқа дейін татуластыру рәсімдерін дамыту үшін ортақ алаң ретінде Татуласу орталықтарын құру ұсынылған болатын. Жансейіт Түймебаев қоғамдағы тәрбиенің олқылығы, дәстүр сабақтастығының үзіліп қалуы - отбасында, ағайын арасында тұрмыстық дау-жанжалдың тууына себеп болады деді. «Сондықтан өскелең жас ұрпаққа осы кезден бастап ұлттық, отбасылық құндылықтарды түсіндіру мақсатында білім беру мекемелерінде жастармен жиі кездесу өткізу керек. Себебі, ұлт болашағы – бүгінгі жастан басталады», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бітімгершілік - бабалар дәстүрі

Орталық жетекшісі Алуа Ракишеваның айтуынша, татуласу орталығы ашылған күннен бастап, оған облыс тұрғындарынан 55 өтініш келіп түскен. Қазіргі таңда облыста 144 қоғамдық және 40-тан астам кәсіби медиатор бар және олар облыстық Ассамблеямен бірлесіп жұмыс істеуде. Өңірде жалпы 143 медиация кабинеті, 7 татуласу орталығы жұмыс істейді. 

2019 жылдың 9 айында облыс медиаторлары сотқа дейін 1644 медиативтік келісім жасаған. Қазіргі уақытта медиацияның орталықтандырылған жүйесін құру және медиаторлық қызметтін деңгейін бағалау мониторингін жасау жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу:

Нұргүл Қалиева 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға