Жаңалықтар

Бішкекте қазақ-қырғыз жастар форумы өтті

Бішкекте қазақ-қырғыз жастар форумы өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 18.11.2023 20:40 756

«Қазақ-Қырғыз жастар форумы» өз жұмысын аяқтады. Екі елдің жас көшбасшылары жастар саласының ынтымақтастығы мен дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Форумға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, қоғам қайраткерлері, жастар және студенттік ұйымдар қатысты.

Ашылу салтанатында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы сөз сөйлеп, қазақ пен қырғыз – ежелден іргесі бөлінбеген, тарихы мен тағдыры егіз ұлттар екендігін атап өтті.

Тарихқа құрмет көрсетіп, жетістікке жігермен және адалдықпен ұмтылсаңыздар, сіздер алмайтын асу жоқ, - деді Мәулен Әшімбаев.

Форумның екінші күнін мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов ашып, қазақ-қырғыз қарым-қатынасын нығайтуда жастардың алатын орны ерекше екенін тілге тиек етті.

Бұл форум екі ел жастарын ынталандыру және пікір алмасу, олардың түрлі саладағы жетістіктерін қолдау және тану, сондай-ақ, алдарында тұрған өзекті мәселелерді анықтау және шешу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Форумға қатысушылар білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, мәдени алмасу және жастардың әлеуметтік жауапкершілігі мәселелерін талқылады. Айта кетейік, тәуелсіздік алғаннан бері қазақ-қырғыз жастар форумы тарихта тұңғыш рет өткізіліп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға