Жаңалықтар

«Бишімбаевтың сылтауы». Зайытов әскерде комаға түскен Ербаян Мұхтар жайлы айтты

«Бишімбаевтың сылтауы». Зайытов әскерде комаға түскен Ербаян Мұхтар жайлы айтты
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі 18.09.2024 12:50 2104

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің сарбазы Ербаян Мұхтардың жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Әскерден табытпен келіп жатқандар көп. Көп жерде айтып жүрміз, бұл жерде көп реформаның қажеті жоқ. Жауапты, бірақ жұмысын дұрыс атқармай отырған шенеуніктер ғой. Солардың балалары бірінші кезекте әскерге баратын етіп міндеттеу керек. Оны мен қанша айтып жүрмін. Министрлердің, әкімдердің, депутаттардың балалары міндетті түрде баруы керек. Сол кезде әскерде мынадай жағдайдың біреуі де болмайды. Мен сізге кепілдік беремін. Ал қазір әскерге кім барып жатыр? Қойшының баласы, мұғалімнің баласы барып жатыр. Солар ғана Отаным деп жүрген, - деді мәжілісмен.

Депутат алты айдан астам уақыт комада жатқан Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтарға қатысты айта кетті.

Бұл тіпті Бишімбаевтың сылтауы. Құлап қалды деген не ол? Өздерінің үйреніп қалған сылтаулары. Қорғаныс министрлігінің өкілі «біз тамағын беріп жатырмыз ғой» деп міндетсінеді. Мынау масқара енді. Бұл өте ауыр жағдай. Қорғаныс министрлігі бір-ақ комитетке қарасты шығар, оның өзі тікелей президенттің тағайындауымен болатындықтан, Президент әкімшілігінің тарапынан қатаң тапсырма берілуі керек сияқты, - деді Зайытов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға