Бишімбаевтың ісі: Прокуратура істі «Абайсызда кісі өлтіру» санатына ауыстырудан бас тартты
12.03.2024 20:23
Фото:
Соттың баспасөз қызметі
Прокуратура Бишімбаевтың ісі бойынша оны «Абайсызда кісі өлтіру» санатына ауыстырудан бас тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылдың 11 наурызында Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдаудың бірінші күнінде Бишімбаевтың адвокаттары кісі өлтіру қасақана жасалмағанын айтып, істі «Абайсызда кісі өлтіру» санатына ауыстыруды сұраған еді.
Дегенмен Сот айыпталушы тарап үшін істі «Абайсызда кісі өлтіру» санатына ауыстырудан бас тартты.
Бишімбаевқа қатысты сот отырысы 27 наурызда жабық түрде өтеді. Сот алқабилердің қатысуымен өтеді. Сонымен қатар, Бишімбаевты қамауға алу мерзімі 6 айға ұзартылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

