Бишімбаевтың екінші әйелі Назым Қаһарман сотқа шақыртыла ма
Фото: Коллаж El.kz
Фото: Коллаж El.kz
02.05.2024 10:48
2960
Бишімбаев ісі бойынша жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Адвокат судьядан Қуандық Бишімбаевтың екінші әйелі Назым Қаһарманды куәгер ретінде шақыруды сұрады. Алқабилердің бірі Назым Қаһарманға сұрақ қойғысы келетінін айтқан. Бишімбаевпен бірге тұрған кезде қандай да бір зорлық көргеніне қатысты деректі анықтағысы келген.
Алайда судья Айжан Құлбаева Назым Қаһарманды куәгер етудің қажеті жоқ екенін айтып, сұранысын қанағаттандырмады.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевтың екінші әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде бұрынғы күйеуімен бірге тұрғанда қандай қиындықтарды бастан өткергенін жазған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысында даладағы дәретханада оқушы қайтыс болды
Келесі жаңалық
Абай облысында су тасқынына дайындық барысы тексерілді