Жаңалықтар

Бишімбаевқа көмектескен Гастро-орталық директоры екі айға қамалды

Бишімбаевқа көмектескен Гастро-орталық директоры екі айға қамалды
Фото: Әлеуметтік желі 14.11.2023 11:46 1172

Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

“Бау” мейрамханасында әйелді өлтіру фактісін тергеу аясында Гастро-орталық директорына қатысты бұлтартпау шарасы қабылданып, ол 2 айға қамауға алынды, – деп хабарлайды департамент.

Оған қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша (қылмысты жасыру) айып тағылған. Бұдан өзге ақпаратты департамент тергеу мүддесіне байланысты жарияламады. 

Айта кетейік, қылмысқа қатысы бар деген күдікпен "Гастро-орталық" директоры ұсталғанын жазған едік. Оған қылмысты жасырды деген айып тағылған.

Осылайша, экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты резонансты істе тағы екі іс – қылмыстық кодекстің 434-ші (қылмыс жайлы хабар бермеу) және 116-бабы 3-бөлігі (қауіпті жағдайда қалдыру) бойынша қозғалған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға