Бишімбаев табылды, ол бүгін сот отырысына қатысты
Фото: t.me/Jogargy_sot
Фото: t.me/Jogargy_sot
12.11.2024 12:38
585
Осыдан бірер күн түрмеден қашып кетті деп ақпарат тараған экс-министр Қуандық Бишімбаев бүгін сот отырысына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Бишімбаев өзін ата-ана құқығынан айыру туралы сот отырысына онлайн қатысты.
Естеріңізде болса, Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман бір ай бұрын экс-күйеуін ата-ана құқығынан айыру туралы сотқа шағымданған. Алайда оның арызы қанағаттандырылмаған. Сонымен қатар ол балаларының тегін ауыстыруға рұқсат беруді сұраған. Сот бұдан да бас тартқан. Қаһарман апелляцияға өтініш беріп, бүгін сол іс сотта қаралды.
Сөйте тұра шешім өзгеріссіз қалдырылды. Бишімбаев өз балаларының әкесі болып қалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бюджеттен 474 млрд теңге бөлінді
Келесі жаңалық
Жетісу облысында аудан-қалалардың мәдениет күндері аяқталды