Жаңалықтар

«Бишімбаев сот жүйесіне сенбейді». Адвокат алқабилерден әділ болуды сұрады

«Бишімбаев сот жүйесіне сенбейді». Адвокат алқабилерден әділ болуды сұрады
Фото: Видеодан кадр 03.05.2024 13:30 1952

Қазір бүкіл қоғам алқабилер алқасына қысым көрсетіп жатыр. Осылай деген Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов жарыссөзде сот жүйесіне сенімсіздік білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаушының айтуынша, Бишімбаев өзін бір ғана судьяның жазалауын қаламаған. Басына түскен жағдайын түсінер деген үмітпен алқабилер алқасына жүгінген. Қорғаушы олардан шешім қабылдауға асықпауды, өз пікірін білдіруді және ешкімнің ықпал етуіне жол бермеуді сұрады.

Әркім өз ойындағыдай дауыс беруі керек. Сонда үкім әділ болады. 10 алқабидің таңдалғаны бекер емес, олар бұйрық бойынша дауыс беру үшін емес, олар жағдайды түсініп, әрқайсысы өз жүрегімен шешім қабылдауы үшін келді. Сондықтан да Бишімбаев дәл осы сотты таңдады, өйткені ол қарапайым азаматтар жағдайын түсінеді деп сенеді, ол бәрін көрсетті. Бишімбаевтың біздің сот жүйесіне сенбейтіні анық, бір ғана судьяның шешім шығарғанын қаламады, - дейді адвокат.

Айта кетейік, Қорғаушы Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы қасақана өлтіру ниеті болмағанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға