Жаңалықтар

Бишімбаев Салтанатты порнографиялық видеоға түсуге мәжбүрлеген

Бишімбаев Салтанатты порнографиялық видеоға түсуге мәжбүрлеген
Фото: Видеодан кадр 11.03.2024 16:08 1580

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп қамауға алынған еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанованың айтуынша, Қуандық Бишімбаев үнемі ұйықтап жатқан Салтанат Нүкенованы оятып алып, порнографиялық видеоларды көрсетіп, "Видеодағы сен емес пе?" деп сұрап, қысым көрсеткен. 

Сондай-ақ Салтанаттың өзінен кетіп қалмауы үшін, қорқытып ұстап отыру үшін порнографиялық видео түсіруге мәжбүрлеген.

Прокурор сотталушының Салтанаттың артынан қалмай, оның көңілін өзіне аударып, соңынан үйленгенін айтты. Алайда дүркіретіп той жасағанымен, ерлі-зайыптылар заңды некеге тұрмаған. Тергеу мәліметіне сәйкес, Бишімбаев азаматтық некедегі әйелін ұрып-соғып, зорлық-зомбылық көрсеткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға