Жаңалықтар

Бишімбаев Салтанатты өлтіру үшін киллер жалдайтын еді - адвокат

Бишімбаев Салтанатты өлтіру үшін киллер жалдайтын еді - адвокат
Фото: Видеодан кадр 03.05.2024 11:24 2884

Сот жарыссөзінде Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов сот материалдарына талдау жүргізгеннен кейінгі қорытындысын айтып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаушының айтуынша, Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы қасақана өлтіру ниеті болмаған.

Егер ол Салтанаттың өлгенін қаласа, қала сыртына апарып, киллер жалдайтын еді. Одан кейін мәйітін көміп тастауына болар еді, - дейді Ерлан Ғазымжанов.

Қорғаушының айтуынша, айғақтарды жасыру мүмкін емес.

Ал қанға боялған көйлекті жасырудың не қажеті бар еді. Онсыз да есіктің, перденің, дәретхана мен сырт киімде қан іздері болды. Егер бөлмеде мәйіт жатса, оған Байжановтан бөлек бөтен екі адамды шақырмайтын еді. Ал мүсәтір спиртімен бүкіл саусақ іздерін жою мүмкін емес, - дейді адвокат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға