Бишімбаев пен Байжанов соттағы соңғы сөзін айтады
Фото: ҚР Жоғарғы сот
Фото: ҚР Жоғарғы сот
04.05.2024 15:15
2726
Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін сот жарыссөзінде сотталушылар сөз сөйледі, содан кейін тараптардың ескертулері тыңдалды.
Одан әрі сот алқабилердiң қатысуынсыз жарыссөздің екінші бөлігіне көшті (ҚПК-нің 651-бабына сәйкес алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады).
Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады.
Сотталушылардың соңғы сөзі 6 мамырда, сағат 10:00-де тыңдалады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шерзат Болаттың әкесі қашан бостандыққа шығады