Жаңалықтар

Бишімбаев пен Байжанов кінәсін мойындай ма

Бишімбаев пен Байжанов кінәсін мойындай ма
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 24.04.2024 17:36 1108

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:

  • 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру);
  • 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (қинау).

Қуандық Бишімбаев өзіне тағылған қинау бабы бойынша айыпты мойындамайтынын айтты. Ал Салтанат Нүкенованың өміріне қауіп төндірген ауыр соққыларды жасағанын мойындады.

Ал ағасына көмектескен Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:

  • 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);
  • 434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).

Бақытжан Байжанов өзіне тағылған екі айыпты да мойындамайтынын айтты.

Судья Айжан Құлбаева сот жарыссөзі 29 сәуірде басталатынын мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға