Бишімбаев пен Байжанов ісі бойынша апелляция тікелей эфирде көрсетіледі
21.06.2024 16:31
Фото:
t.me/Jogargy_sot
Экс-министр Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоғарғы соттың мәліметінше, судьяның 11 маусымдағы қаулысымен істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10:00-ге белгіленді. Ал сот отырысы тікелей эфирде көрсетіледі.
Жоғарғы сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді, - делінген мәліметте.
Бұл сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат Жоғарғы соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жедел жарияланады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

