Бишімбаев ісінде прокурор болған Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Жоғары сот
Фото: Жоғары сот
22.07.2024 09:52
2620
Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазір Аймағанова мемлекеттік айыптауды қолдау және Астана қаласы прокуратурасының апелляциялық сатысына қатысу басқармасының бастығы қызметін атқарады.
Айжан Аймағанова Instagram желісіндегі парақшасында подполковниктің погонымен («әділет кеңесшісі» сыныптық шені) киімімен түскен жаңа видеосын жариялады.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысына айыптаушы тараптың өкілі - Айжан Аймағанова әділет майоры шенінде қатысқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Атыраулық дәрігерлер алғаш рет жүрекке күрделі ота жасады