Жаңалықтар

Бишімбаев ісі: Прокурор екінші ұсталған адам экс-шенеуніктің туысы екенін растады

Бишімбаев ісі: Прокурор екінші ұсталған адам экс-шенеуніктің туысы екенін растады
Фото: gov.kz 20.11.2023 20:17 966

Астана прокуроры Ерлан Өтегенов Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі бойынша ұсталған екінші адам Қуандық Бишімбаевтың туысы екенін растады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Өздеріңіз білетіндей, істі тергеу жалғасуда, сараптамалық тексерістер жүргізіліп жатыр. Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, - деді прокурор елорданың бизнес өкілдерімен өткен кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол шулы іс бойынша ұсталған екінші адам экс-шенеуніктің туысы деп отыр.

Ол (ұсталған екінші адам – ред.) «Гастро-орталықтың» директоры. Олардың (Қуандық Бишімбаевпен - ред.) туыс екендері рас, - деді Өтегенов.

Еске сала кетейік, биыл 9 қараша күні Астанадағы мейрамханалардың бірінде бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өз жұбайын соққыға жыққан. Әйел адам жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды.

Кейін іс бойынша Қуандық Бишімбаев ұсталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға