Жаңалықтар

Бишімбаев ісі бойынша танылған прокурорлар оқушылармен кездесті

Бишімбаев ісі бойынша танылған прокурорлар оқушылармен кездесті
Фото: Видеодан кадр 22.10.2024 21:04 360

Бас прокуратура мен елорда прокуратурасының өкілдері Астана қаласының №96 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура мәліметінше, өткізілетін іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, оларда тұрақты өмірлік құндылықтар мен қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. 

Кездесу барысында оқушылар құқық бұзушылыққа байланысты нақты өмірлік жағдайларды талқылады. Сондай-ақ оларды қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Ведомство бұл бағыттағы жұмыс жалғасатынын атап өтті.

Айта кетейік, елордалық оқушылармен кездесуге қатысқан прокурорлардың қатарында Бишімбаев ісі бойынша көпке танылған Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков те бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға