Жаңалықтар

Бишімбаев әулеті ресейлік нейропсихологты Мәскеуден алдыртты

Бишімбаев әулеті ресейлік нейропсихологты Мәскеуден алдыртты
Фото: Видеодан кадр 25.04.2024 14:20 22792

24 сәуір күні Қуандық Бишімбаев сотына ресейлік блогер Наталья Грэйс келді. Ол өзін нейропсихолог деп таныстырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нейропсихолог Наталья Грэйсті Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Бишімбаева күтіп алып, сот залына бірге барды. Ресейлік маман журналистерге берген сұхбатында Бишімбаев қылмысты аффект жағдайында жасаған деп мәлімдеді.

Өзіме қажет нәрсенің бәрін көрдім. Қандай жағдай болса да, бұдан шығарылым жасаймын. Менің пікірімше, Айтбек бұл оқиғаның коммерциялық жағына қызығып тұр. Сол себепті процесті мүмкіндігінше созып жатыр және осы оқиғадан пайда тапқысы келеді. Себебі көп адам коммерциялық негізде “хайп” деген нәрсемен айналысады, – деді Наталья Грэйс. 

Сондай-ақ оның ақпарат жинау үшін сыртқы істер министрлігіне тіркелмегені анықталды.

Бірақ бұл маған азамат ретінде ашық дереккөздерден, әлем бойынша жүргізіліп жатқан трансляциядан ақпарат жинауға кедергі келтірмейді. Біз видео түсірдік. Ешқандай заң бұзған жоқпыз. Ұнамаса ресми органдарға жазыңыздар, – деді Наталья Грэйс. 

Әлеуметтік желіде Наталья Грэйстің қазақстандық психиатрларға ақша ұсынғаны туралы ақпарат таралып жатыр. Ол дәрігерлерден Бишімбаевтың атаракс дәрісін қабылдағанын айтып беруін сұраған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға