Қазақстан қор биржасында сауда қыза түсті. Ұлттық валютамыз таңғы саудада 6 теңге нығайып, бір доллар үшін 429-430 теңгеден саудалануда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл - 2 наурыздағы көрсеткіштен 1,3% төмен. Теңге өткен жылдың көктемінен бері алғаш рет 430 көрсеткішінен төмендеді.
Kurs.kz мәліметі бойынша,3 наурыздағы ресми бағам – 435,69 теңге.
Ұлттық банк валюта бағамына қатысты түсініктеме берген жоқ.
Астананың ақша айырбастау орындарында сағат 12:20-да доллар орта есеппен 432-436 теңгеден сатылса, Алматыда көрсеткіш сәл жоғары 433-438 теңге шамасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда жасөспірім көпқабатты үйден құлап көз жұмды
Келесі жаңалық
Жетісуда 600-ге жуық әйел жатыр мойны обырымен есепте тұр