Біртұтас дін мен мәдениет
Бірінші дін мен мәдениет біртұтас. Мәдениет деген болмыстың он сегіз қабаты бар екен. Соның ең бірінші қабаты тіл қабаты, одан кейін ой ойлау, дүниетаным, моральдық, этикалық, құқықтық, эстетикалық қабаттар. Кәсібі, тарихи танымы, сәулеті, музыкасы барлығы келіп он сегіз қабатты құрайды екен.
Соңғы қабаты ретінде сана қабаты деп аталады. Сана деген не дейтін болсақ, сана деген ол Қазақ бүгінгі. Жоғарыда аталған зат пен сипаттың қарым- қатынасы сияқты біздің кешегі ғылым неге олай болды дейтін болсаңыз сананы адамды негізге алған жоқ. Адамды анықтайтын сипаттармен ғана айналысты. Адамның өзімен айналыспады. Біз енді бүгін сол он сегіз қабаттың барлығын зерттеуіміздің негізгі себебі сана, адам екендігін айтуымыз керек. Біз не үшін осы мәселелерді айтып жатырмыз? Қазақ бүгін тірі, қазақтың санасы тірі, Қазақтың бүкіл болмысының жасампаз болғандығынан, мәдениеттің қабаттарының барлығын қайтадан сол ғылыми тұжырымдауға атсалысып жатырмыз. Қазақтың екінші санасының тірі екендігі оның тек қана болмыстық санасы емес, саяси санасының тірі екендігінің бір көрсеткіші, ол біздің мемлекеттілігіміз, баяндылығымыз бүгінгі егеменділігіміз. Біз қанша жерден ішімізден шыққан бауырларымыз мысалға шариғаттың заңы, Алланың заңы немес басқаның заңын айтқысы келіп отырғанмен, бізде бір мәселені ұмытып кете береміз. Мемлекет болмаған жерде, саяси ерік болмаған жерде, ешқандай құндылық еркін өмір сүре алмайды. «Егемен болмай ел болмас» дейді, елдікті сақтаудың негізгі тұжырымы дін мен мәдениеттің тұтастығы болатын болса, оның негізгі қорғаны мемлекеттілік. Олай болатын болса, осы ұстанымға дін мен мемлекетті қалай негіздеу керек деген кезде, алдыменен біз мынау дін мен мәдениеттің тұтастығын көрсету керек.
Біздің жоғарыда айтқан бірінші қабат тілді ашып қарайтын болсаңыз, тілдің көптеген ең басты функциясы бұл аксиологиялық функциялары екен. Сонда тілімізге енген араб тілінен енген немесе араб діні деп айтайықшы тырнақшаның ішінен әрине ол барлығымыздың дініміз, соның тілінен келген ұғымдардың бәрін алып қарайтын болсаңыз, барлығының функциясы аксиологиялық бос жоқ ешқандай. Рақман, рақым, мейірім, қанағат барлығының аксиологиялық функциядағы араб тілінен енген сөздер. Оны мен тілімнен алып тастай алмаймын. Менен бұрынғы тіл философияларын білетін филологтар біледі ондай сөздерді біз кірме сөздер дейміз. Былайша айтқанда арабизм деп жоққа шығаратынбыз. Ал егер ол тіл бөтен болса егер алып тастайтын болсақ, тілімізге ой-санамызға әсер ететін аксиологиялық ұғымдардың орнын толтыра алмаймыз. Екінші мәселе мысалы «қанағат» деген сөзді арабтарға мынау сендердіңкі екен қайтып алыңдаршы десең олар қайтып алмайды. Себебі ол сөздің айтылуы мен фонемасы, ұғымы да бөлек.
Екінші ой деген мәселе бар ойлау дүниетаным діннің мәдениеттің ойлау қабытындағы әсері деген мәселені айтайын деп отырмын. Мысалға сіздер ойлаңыздар Батыстың ойлау жүйесінде үштік ойлау жүйесі оның диалектикалық ойлау жүйесіне әсер етеді, тезис антитезиз синтез деген мәселе әлі күнге дейін қолданылады. Бұл иеррархиялық ойлау жүйесінің іздері батыстағы.
Ал біздің Исламнан бұрынғы ойлау жүйеміздің Исламмен біте -қайнасқан кезіндегі нәтижесін біз универсализм деп анықтаймыз. Біздің ойлауымызда ақ пен қараның тұтастығымен ғана ақиқат анықталады. Біздің ойлауымызда еркек пен ұрғашы бірінші, екінші деген иеррархиялық ойлау жоқ бізде. Ол ойымызды былай қояйық, тіліміздің өзінде мынау еркек мынау ұрғашы деген «женский, мужской, средний род» деген бар ғой тілдерде. Бізден басқа батыс, араб, шығыс, парсы, орыс тілдерде бар. Ал біздің түрік тілдерінде жоқ ондай, ойлауымыздың өзінде мынау еркек сөзі, мынау ұрғашы сөзі деген нәрсе жоқ. Ойлауымыздың өзі тұтастыққа негізделген. Морольдық этикалық жүйемізде де, ислам діннің негізгі қағидаты тұр. Біздің кеңістігіміздегі құқыққа тоқталайын осы жерде. Дін мен мәдениеттің тұтастығы негізіндегі дін мен мемлекеттің бөлек екендігін көрсететін жер. Осы бағытта Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы үш-төрт жылдан бері осы бағытта жұмыс істеп келе жатыр. Дін мен дәстүр жылы деп жариялағандары да бар. Не үшін дін мен дәстүр? Себебі дін де, дәстүр де норма қояды. Әдет-ғұрып, шариғат мәселесі осы жерде. Дін мен дәстүрді не үшін біртұтас деп айтамыз? Себебі біз Қазақ болмысының мәнінде Ислам діні жатыр деп атаймыз. Қазақ болмысы негізінде ислам дініменен сомдалған деп жатыр. Біздің елбасымыздың айтқанындай: дініміз Ислам, тегіміз түрік, кітабымыз Құран деп қысқа-қысқа анықтама беріп кетеді. Бірақ арғы жағына қарайтын болсақ, бір түркі ислам өркениетінің қазақ мәдениетінің болмысы екендігін осыдан түсінеміз. Діни сана дегенімізде өзі мынау дінтанушылық зертттеулерде қарайтын болсаңыз төрт негізгі сала бар. Діни сенім, діни таным, діни тәжірибе, діни сана. Діни сана деп отырғанымыз Қазағымыз. Қазақ өзінің кешегі тәуелсіздігін алғаннан кейінгі, уахабилік, сәлафилік тенденцияға қарсы шығу иммунитетін өзіндегі бар сананы жаңғырту арқылы оятып отыр. Оған кезіндегі елімізде жүргізіліп отырған «Мәдени мұра» деген бағдарлама дәлел. Ол да діни тәжірибенің саласы.
Досай Кенжетай, теолог, дінтанушы, философия ғылымдарының докторы, профессор