Жаңалықтар

Бірқатар аймақта дәрігерлерге сыйақы төлеу тоқтатылған – депутат

Бірқатар аймақта дәрігерлерге сыйақы төлеу тоқтатылған – депутат
Фото: t.me/mazhilis_kz 26.06.2024 12:44 538

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай облыс орталығындағы ауруханалар бюджет тапшылығынан қарызға батып жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ертең ел аралаймыз. МӘМС-ке наразы ел тағы да шағымын айтатын болады. Облыс орталықтарындағы ауруханалар бюджеттің тапшылығын көріп, миллиардтап қарызға батып жатқаны туралы біз осы жерде бірнеше рет мәселе көтердік. МӘМС қоры қосымша қаражат бөлгенімен, бұл жағдай қайта-қайта қайталанып жатқанын тағы да ескертемін. Күні кеше біз бірқатар аймақта аурухана санаттары үшін сыйақы төлеуді тоқтатқаны туралы ақпарат алдық. Бірқатар стационардың еңбекақыға кететін шығыны аурухана бюджетінің 90 пайызын құрайды. Бұның себебі – оның ішінде мына қордың тарифтік саясаты, қызметтерді есептеу, төлеуде қолданылатын тәсілдер, сызықтық айыппұлдар және тағысын тағы. Мұнда Парламентке қор медициналық қызметкерлерге ақы төлеу жүйесін түбегейлі реформалауға бірнеше рет уәде етілген еді. Ол уәделер мен реформалар не болды? Себебі нәтиже жоқ, - деді мәжілісмен.

Депутаттың бұл сауалына премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова жауап берді.
Вице-премьер кредиторлық қарызға қатысты үлкен мәселелер барын айтып, Үкімет үш бағытта жұмыс істеп жатқанын түсіндірді.

Тамар Дүйсенова бүгінде 48 медициналық мекеме келіп түскен есебінің барлығы қайтадан тексеріліп жатқанын атап өтті. Сөзінше, берілген есептерде үлкен айырмашылықтар бар.

Тариф мәселесіне де тоқталсақ, бізде бір аурулар бойынша 2012 жылдан бастап, екінші бір аурулар бойынша 2015 жылдан бастап тарифтер көтерілмеген. Сондықтан бес бағыттағы тарифтерді көтердік. 1 шілдеден бастап жаңа тарифтер бойынша төлене бастайды. Олар негізінен балалардың неврологиясы, балалардың ревматологиясы, босану мәселелеріне қатысты бағыттар. Одан кейінгі 10 бағыт кредиторлық қаражаттың негізі болып отырған кардиология, ортопедия, онкогематология бағыттары бойынша жұмыстарды қыркүйекке дейін бітірмекпіз. Ол осы тариф арқылы төленетін болады. Жалпы тарифтік мәселе қайта қаралмаса, кредиторлық мәселелер шешілмейді. Негізінен тарифтік еңбекақыны көтергенімізде, коммуналдық шығындар, дәрі-дәрмекке кететін қаражаттар қаралмай қалған. Соның бәрінің орнын толтыру мәселесін биыл аяқтаймыз. Әрине, цифрландыру мәселесі де бар. Бұл бағыт бойынша жұмыс биыл толық аяқталады, - деді премьер-министрдің орынбасары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға