Жаңалықтар

Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
05.07.2022 00:36 1000

Синоптиктер 5 маусымдағы ауа райына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды EL.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың  солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с. 

Петропавл қ: 05 шілдеде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде және орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қ: 05 шілдеде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.  

Жезқазған қ: түнде 05 шілдеде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қ.: 05 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, солтүстігінде және таулы аудандарда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады найзағайдан 15-20 м/с.

Талдықорған қ.: 05 шілдеде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда  күші 15-20, таулы аудандарда екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістанда 05 шілдеде түнде кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте 05 шілдеде түнде және таңертең найзағай, дауыл күтіледі.  Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 05 шілдеде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз екпіні 17 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: күндіз 5 шілде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе қ.: 5 шілдеде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға