© El.kz

Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

03.11.2023 08:13

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

3 қарашада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Шымкент, Алматы, Атырау қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.