egemen.kz

Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

27.01.2023 08:45

27 қаңтарда еліміздің қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Шымкент және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.