Жаңалықтар

Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

Жексенбі күні елдің бірқатар қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады
Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: egemen.kz 18.12.2022 05:13 879

18 желтоқсанда елдің бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Көкшетау және Өскемен (2 дәрежелі), Семей (2 дәрежелі), Риддер (2 дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға