Жаңалықтар

Бірнеше өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде күн райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ©El.kz 28.10.2023 07:14 787

28 қазанда еліміздің 11 облысы мен Алматыда ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде батыста, оңтүстікте тұман, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында қарлы боран соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Қостанайда таңертең және күндіз көктайғақ болады.

Күндіз Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік, күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең солтүстікте, Абай облысының орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында және оңтүстігінде тұман түседі.

Күндіз Ұлытау облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде облыстың батысында көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с болады.

Түнде Ақтөбе облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Солтүстікте, облыс орталығында көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстік жартысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыс орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбе қаласында түнде көктайғақ болып, күндіз тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және солтүстігінде тұман болады. Ақтау қаласында кей жерлерде тұман түседі.

Атырау облысының батысы мен солтүстігінде түнде қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігі мен батысында екпіні 15-20 м/с болады. Атырау қаласында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында және оңтүстігінде қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні – 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Алакөл өңірінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде 25 м/с.

Оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында тұман түседі.

Алматының кей жерлерінде тұман болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға