Жаңалықтар

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ©El.kz 17.09.2023 00:26 528

«Қазгидромет» РМК еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Астанада 17 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз солтүстігінде батысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында орталығында тұман түседі.

Оралда 17 қыркүйекте күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі.

17-18 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында, 19 қыркүйекте батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай ойнайды. 17-19 қыркүйекте солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жылдамдығы секундына 15-20 мтерге жетеді. 17-19 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Таразда 19 қыркүйекте солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 17-19 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

17 қыркүйекте Атырау облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі.

Атырауда 17 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.

17 қыркүйекте түнде және таңертең Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. 17 қыркүйекте Алматы облысының солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.

17 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. 17 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағандыда 17 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

17 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

17 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысының онтүстігінде тұман түседі.

Түнде 17 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

17 қыркүйекте таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Қостанайда 17 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.

17 қыркүйекте Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Желдің бағыты оңтүстіктен солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбеде 17 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға