Жаңалықтар

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: El.kz 27.12.2022 19:58 799

Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

28 желтоқсанда Атырау облысының басым бөлігіне тұман түседі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарына тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ, бұрқасын болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығына тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде көктайғақ болады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Абай облысында, Семей қаласында және ШҚО-да, Өскемен мен Риддер қаласында екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға