Жаңалықтар

Бірнеше облыста үсік жүреді - Қазгидромет

4 қазанға арналған ауа райы болжамы
Бірнеше облыста үсік жүреді - Қазгидромет
Фото: egemen.kz 03.10.2022 17:28 1002

Синоптиктер 2022 жылдың 4 қазанына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz

«Қазақстанның батысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жауады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, солтүстікте, шығыста – тұман, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл күтіледі.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Ұлытау, Қостанайдың оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан, Павлодар қаласының орталығында, Алматының батысында, солтүстігінде, Абай облыстарының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Қызылорда облыстарының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Жамбыл облысының таулы аудандарында, солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының орталығында 1-3 градус аяз күтіледі.

Астанада бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-шығыстан соққан жел 2-7 м/с дейін жетіп, ауа температурасы түнде - 3-5°С, күндіз + 11+13°С.

Алматыда күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз өтеді. Жел 2-7 м/с дейін жетіп, ауа температурасы түнде +4 + 6°С, күндіз + 18 + 20°С.







Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға