Бірнеше облыста дизель отынының шекті бағасын көтеру фактілері анықталды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанар-жағар май станцияларындағы дизель отынының бағасына тұрақты негізде мониторинг жүргізіп отырады, деп хабарлайды El.kz агентікке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, өткен аптада Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында дизель отынына шекті бағаның өсу фактілері анықталды. БҚДА аумақтық бөлімшелері жүргізген баға мониторингінің қорытындысы бойынша әкімшілік хаттамаларды жасау үшін материалдар Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетіне жіберілді.
Дизель отынының бағасын тұрақтандыру үшін БҚДА жанындағы биржалық комитет биржалық сауда-саттықты тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.
АЖҚС тарапынан дизель отынын таңдап сату тәсілі бойынша, яғни Қазақстан Республикасының азаматтарына дизель отынын сатпай, есесіне, шетел өткізілген жағдайда, БҚДА тарапынан шаралары қабылданатын болады. Бастапқы және қайталама қайталама сауда нарықтарына қатысушылардың бағаны көтеруінің негізділігі де монополияға қарсы тексерулерге себеп болып саналады.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі кәсіпкерлерді бәсекелестік заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтауға және Қазақстан азаматтарына дизель отынын толық көлемде, шектеусіз сатуды қамтамасыз етуге шақырады.
Дизель отынына шекті бағаның өсу фактісі болса, азаматтарды Экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық бөлімшелеріне (телефон нөмірлерінің тізімі қоса беріледі), ал, дизель отынын өткізуден бас тартқан кезде - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелеріне (телефон нөмірлерінің тізімі қоса беріледі), сауда жасайтын және қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер немесе ұйымдар алданған кезде - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне хабарласуға болады (тізім қоса беріліп отыр).