Мемлекет басшысының жарлығымен бірнеше министрлер тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өз орнын сақтап қалғандар арасында Мұрат Нұртілеу де бар. Ол премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды.
Мұрат Нұртілеу бұл қызметті 2023 жылдың 3 сәуірінен бері атқарады.
Сондай-ақ Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды.
Ол аталған ведомствоны 2022 жылдың қаңтар айынан бастап басқарады.
Ал Ержан Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды. Ол бұл қызметті өткен жылдың 2 қыркүйегінен бері атқарады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

