«Бірге тұратын әйелін ұрды»: Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Мөлдір Қайнар тілші
29.07.2024 13:16
Фото:
коллаж El.kz
Арман Шораевқа қатысты қылмыстық іс тараптардың татуласуы бойынша тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен айда әлеуметтік желіде Астанадағы көшелердің бірінде ер адамның әйелді шашынан сүйреп, аясуыз ұрып жатқан видеосы тараған еді. Kozachkov offside телеграм-арнасы видеодағы агрессор танымал қоғам қайраткері Арман Шораев екенін жазды.
Көп ұзамай полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған еді.

