Жаңалықтар

#Birge#TazaQazaqstan акциясын ШҚО ҚХА қолдады

#Birge#TazaQazaqstan акциясын ШҚО ҚХА қолдады
02.08.2019 16:45 4560

Шығыс-Қазақстан облысы Алтай ауданына қарасты Достық үйінің белсенді жастары мен жастар қанатының мүшелері республикалық экологиялық акцияға қатысты.

Тазалық сенбілігі Хамир өзенінің жағалауында өтті. Акция қатысушылары қоқыс жинаумен және жағалауды шөлмектерден, банкалардан және тұрмыстық қалдықтардан тазартумен айналысты. Алтай ауданы жастар клубының мүшесі, студент Диана Филимонова Шығыс Қазақстан облысының әр тұрғынына табиғатқа жауапкершілікпен қарап, өзендердің ластануын, ормандағы өрттерді болдырмауға өзіндік үлес қосуға шақырды.

«Біз Қазақстанның құдіретін, байлығын және қайталанбас сұлулығын мақтан тұтамыз деп айтудан жалыққан емеспіз. Алайда іс жүзіне келгенде көп жағдайда табиғатқа немқұрайлы қарайтынымыз жасырын емес», - дейді студент.

#Birge#TazaQazaqstan акциясын ШҚО ҚХА қолдады

Естеріңізге салсақ, ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин 20 шілдеде «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысқан болатын.

«Мен акция кең таралып, жалпыреспубликалық деңгейде қолдау табады деген сенімдемін. Ұйымдастырылып отырған шара елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», – деген болатын Асқар Мамин.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 16 шілдеде аталмыш акцияның басталуын жариялап, оған отандастарымызды мейлінше атсалысуға шақырған еді.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға