Бір жынысты некеге рұқсат берілетін болды
Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
16.02.2024 15:55
1909
Грекия бір жынысты некені заңдастыруға және мұндай отбасылардың бала асырап алуына заңды түрде рұқсат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Грекия бір жынысты және гетеросексуалды жұптардың құқығын теңестірген алғашқы православиелік ел болды. Тиісті заң парламентте екі күнге созылған талқылаудың қорытындысы бойынша қабылданды. Парламентінің 245 депутатының 176-сы қолдап дауыс берді.
Заң бір жынысты ерлі-зайыптылардың бала асырап алуына шектеу қоймайды. Ерлі-зайыптыларға толық ата-ана құқығын береді. Алайда, оларға суррогат ана болу арқылы ата-ана болуға тыйым салынады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға