Бір жылда темекі тартатын жастар көбейді - статистика
Бір жылда жастар арасында шылым шегетіндер артты, деп хабарлайды El.kz
Ересек халықтың темекі тұтынуына қатысты жүргізілген зерттеуге сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 20,4% темекі тартады (темекі тартпайтындар – 79,6%), ер адамдардың 38,4%, (темекі тартпайтындар – 61,6%), әйелдердің 8,4% темекі өнімдерін тұтынады (темекі тартпайтындар – 91,6%).
Респонденттердің 16,6% күн сайын шылым шексе, 3,8% - анда-санда.
Темекі түтінінен өз үйінде зардап шегіп жүрген тұрғындар үлесі – 12,8%, жұмыста – 8,1%, қоғамдық тамақтану орындарында – 10,5%, олардың басым көпшілігі (93% астамы) шылым шекпейтін адамдар.
Тұрғындары темекі өнімдерін ең көп тұтынатын өңірлер: Қарағанды (25,4%), Павлодар және Жамбыл облыстары (24,6%).
Сауалнамаға қатысқандардың 85,5% аталған жаман әдет ауыр сырқаттар тудырады деп санайды. Қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салу туралы заңнаманы қолдайтындар – 67,7%.
2022 жылы былтырмен салыстырғанда 18-28, сондай-ақ 60 (63) және одан жоғары жас топтарындағы азаматтар арасында шылым шегетіндер артқан. Қалған жас топтарында азайған.