Бір жылда пияз бағасы 100 % қымбаттаған
Фото: womanishclub.com
Фото: womanishclub.com
01.03.2023 13:55
1068
2023 жылғы ақпанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 21,3% құрады. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен қатар жыл ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 26,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 20,5%, ақылы қызметтер 15% өсті.
2022 жылғы ақпанмен салыстырғанда пияз – 105%, кір сабын – 90,3%, кеңсе тауарлары – 71,8%, қияр – 56,8%, ағартқыштар мен балалар сабыны – әрқайсысы 56,3%-дан, қант – 55%, консервіленген сүт – 49,1%, күріш – 44,9%, макарон өнімдері – 41,1%, ұн 40,2% қымбаттаған.
Жылдық мәнде, керісінше, ақбас қырыққабат 30,1%-ға арзандады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда онлайн сауда дамып келеді
Келесі жаңалық
Тоқаев Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады