Бір жылда баспана бағасы 25,9%-ға қымбаттады
07.10.2022 16:10
Фото:
baq.kz
Бір жылда қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы 25,9%, жаңа тұрғын үйлердікі 17,7% өсті, деп хабарлайды El.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Өңірлік бөліністе жаңа салынған үйлердің бағасы жылдық мәнде Ақтөбе қаласында – 32,5%, Қостанайда – 27%, Астанада – 26,6%, Өскеменде – 25,3%, Көкшетауда – 20,3% және Ақтауда 19,3% қымбаттады. Дәл осы нарықтағы бағаның болмашы өсімі Павлодарда (0,9%) және Талдықорғанда (1,8%) тіркелді.
Қолданыстағы пәтерлерді қайта сату нарығындағы баға өсімінің тізімін Қызылорда (45%), Ақтөбе (44,3%), Өскемен (40,4%), Талдықорған (38,8%), Ақтау және Астана қалалары (38,4%) бастап тұр. Ал бағаның ең аз өсімі Түркістан (12,2%) мен Атырау қаласына (13,3%) тиесілі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

