Жаңалықтар

Бір жақты төмпештеудің қажеті жоқ. Вице-министр негізсіз тиіскен депутаттарды орнына қойды

Бір жақты төмпештеудің қажеті жоқ. Вице-министр негізсіз тиіскен депутаттарды орнына қойды
Фото: Facebook.com/tamabek.abilhaiyr 24.04.2023 14:05 2112

Мәжіліс депутаттары агро саласының дамуын талқылау барысында бір шешімге келе алмай дауласып қалды, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Депутат Айдарбек Қожаназаров ауыл шаруашылығы мәселесімен айналысатын адамдардың бәрін біз айлакер деп көрсетеміз. Жемқорлық – бұл жара. Сол жараға қарап, қолымызды балтамен шауып жатырмыз десе, «Шопан-ата» ұлттық агро қозғалысының төрағасы Алмасбек Садырбай қаржыландыруға келгенде олқылықтың барын жасырмады.

Ауыл шаруашылығында күрделі түрде қаржыландыру жоқ. Реформаны қаржыландырудан бастайық. Түбі бір агробанкке келуіміз керек. Мәжілісмендер, сіздер елдің аманатын арқалап келіп отырсыздар. Әрбір әңгіме, әр отырыс осыдан басталу қажет. Негізінде агробанкті ашу қиын емес. Қаржылық жүйені өзгерту үші үкімет жанынан мәжілісмен депутаттарын және сала мамандарын қосып, жұмыс тобын құру туралы ұсыныс білдіремін. Соның ішінде бірінші агробанк құру, екінші қаржыландыру саясатын өзгерту, – деді Алмасбек Садырбай.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек белсенділерді айына жеке-жеке график бойынша қабылдайтынын айтты.

Ешкімді алалап жатпаймыз. Кім жазылады, келеді. Ешқандай мәселе жоқ. Бір мәселе ресурстың жетіспеуінде. Жігіттердің бәрі реформа жасауға дайын және қабілеті де жетеді. Бұл жерде қаржы мәселе болып тұр. Биылғы жылы 100 миллиард теңгеге техниканы жаңартуға үкіметтен қаржы сұрадық. Бірақ бізді қолдамады, – деді вице-минстр.

Сондай-ақ Әбілхайыр Тамабек ауыл шаруашылығы министрлігінің позициясы шаруаларды қолдау екенін және  бәрін бірге талқылау қажет екенін тілге тиек етті.

Сіздердің қолдарыңызға ертең бюджет келеді. Сіздер бекітесіздер, оған қарсы емеспіз. Қайтарып жіберіңіздер. Бекітпеңіздер. Бірақ бірге жұмыс істеп, талқылайық. Тек бір жақты төмпештеудің қажеті жоқ. Мына жерде де талқыланды. Бірақ ештеңе шешілген жоқ, – деді ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға