El.kz

Бір тоннаға жуық есірткіні Қазақстанға әкелмек болғандарға сот үкімі шықты

Елімізде екі шетел азаматы 770 кг героинді елге әкелмек болғаны үшін сотталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Өткен жылдың мамыр айында Түркістан облысындағы Б.Қонысбаев атындағы шекара өткізу бекетінде елге 770 кг героинді заңсыз әкелу әрекеті әшкереленді. Есірткі аяқ киімге арналған крем ретінде рәсімделіп, Еуропа елдеріне транзитке шығарылмақ болған.

Сотта мемлекеттік айыптаушы шетелдік екі азаматтың кінәсін толық дәлелдейтін айғақтар ұсынды. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оларды 14 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, - деп жазылған Бас көлік прокуратурасы таратқан ақпаратта. 

Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.