Жаңалықтар

«Бір қыз туып алсам». Ләйлә Сұлтанқызы сәбилі болғысы келетінін айтты

«Бір қыз туып алсам». Ләйлә Сұлтанқызы сәбилі болғысы келетінін айтты
Фото: видеодан алынған кадр 18.09.2024 14:20 8355

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Zamandas подкастында сәби сүйгісі келетінін жеткізді,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алайда, балалары анасының мұндай қадамға баруына дайын емес көрінеді.

Өзім екі жыл эко-орталыққа барып жүрдім. Үлкен ұлым қазір, екінші ұлым да 2 жылдан соң кетеді. Шын мәнінде жалғыз қалып қалсам, эко-орталықта аналық жасуша сақталған. Өткенде балаларымды тексерейін деп, «бір қыз туып алсам» дедім. Бұған балаларымның дайын емес екенін байқадым, — дейді ол.

Десе да, үлкен ұлы кішкентай қыз асырап алуға қарсы болмаған.

Үлкен ұлым «бір қарындас асырап алайықшы, соның жолын біліңіз» дейді. Кейде бір қыз асырап алу туралы ойланамын, бірақ қорқамын. Содан Нұрлан имамға хабарластым. Ол кісі «асырап алсаң, бірнеше есе сауап жазылады» деді. Мені қолдады, - дейді тележүргізуші.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға