Жаңалықтар

Бір ойында 5 гол салған ұлттық құрама футболшысы матч саны бойынша үздік бестікке енді

Бір ойында 5 гол салған ұлттық құрама футболшысы матч саны бойынша үздік бестікке енді
Фото: t.me/kff_team 22.09.2024 06:19 534

Футзалдан Қазақстан командасының спротшысы Арнольд Кнауб ұлттық құрама сапында матч саны үздік бестікке енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Футболшы үшін Жаңа Зеландияға қарсы матч ұлттық құрама сапында 80-ші ойын болды.

Федерация мәліметінше, Арнольд Кнуаб Қазақстан ұлттық құрама намысын 2016 жылдан беріп қорғап келе жатыр. Алғашқы ойынын 2016 жылдың 22 қаңтарында Өзбекстанға қарсы өткізген. Осы күнге дейін ол 29 гол салған. 

Айта кетейік, Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында футболшы Қазақстан-Жаңа Зеландия матчының үздік ойыншысы атанды. Ол ойын кезінде 21 соққы беріп, 5 гол салды. 

Айта кетсек, футзалдан Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.


 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға