Жаңалықтар

«Бір отбасының 6 баласы көз жұмды». Мас жүргізуші тізгіндеген көлік суға құлаған

«Бір отбасының 6 баласы көз жұмды». Мас жүргізуші тізгіндеген көлік суға құлаған
Фото: 24.kg 21.06.2024 12:20 8981

Қырғызстанда көлік тоғанға құлап, ішінде отырған сегіз баланың алтауы суға ағып кетті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Оқиға кеше, 20 маусым кешке Қара Балта ауылы маңында болған. Мас жүргізуші көлікті басқара алмай, тоған түсіп кеткен. Ішінде болған үш ересек пен сегіз бала отырыпты.

4-9 жас аралығындағы алты бала суға батып кетті. Олардың бәрі — бір отбасының мүшелері. Қара Балтаның 40 жастағы тұрғыны әйелі және төрт баласымен бірге № 3 тоғанға демалуға келген. Олардың жанында ер адамның әпкесі және оның төрт баласы — бас-аяғы үш ересек және сегіз бала болған. 

Жүргізуші, оның әйелі, үш айлық қызы, ер адамның әпкесі және оның жеті жасар қызы аман қалды. Олар ауруханаға жеткізілді.

Сот-құқықтық сараптама тағайындалды. Тергеу аясында жүргізуші ұсталды. Шу облысының ішкі істер басқармасы жүргізушінің балаларды «шомылуға болмайды» деген белгісі бар жерге әкелгенін анықтап отыр. Ер адам қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға