Жаңалықтар

Бір күнде 279 адамнан коронавирус анықталды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті
Бір күнде 279 адамнан коронавирус анықталды
Фото: ortcom.kz 15.12.2022 09:09 1077

Қазақстанда өткен тәулікте 279 адамнан коронавирус анықталып, 2 адам аталмыш дерттен жазылып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, өткен тәулікте коронавирус дертінен 1 адам қайтыс болған.

«15 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 008 адам коронавирус инфекциясынан (–1 897+ және 111 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 308 пациент стационарда, 1 700 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда»,-делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 13 адамның жағдайы ауыр,

• 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға