pixabay

Бір күнде 233 адамнан коронавирус анықталды

25.12.2022 10:00

Өткен тәулікте 233 адам коронавирус індетіне шалдықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

25 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2668 адам коронавирус инфекциясынан (-2528 + және 140 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 350 пациент стационарда, 2318 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 11 адамның жағдайы ауыр,
  • 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.