Жаңалықтар

«Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді
«Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді
Фото: abdikov-tolen.kalamger.kz 26.11.2022 03:29 3680

Ұлттық академиялық кітапханада «Бір ел - бір кітап» акциясы қорытындыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл республикалық акцияның басты тақырыбы ретінде мемлекет қайраткері, ғалым, ақын, публицист, ағартушы және реформатор Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми және әдеби шығармашылығы жарияланған. Осылайша, келесі бағыттар бойынша зерттеу жүрді:

1. «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»

2.«Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»

3.«Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері мен сөз тіркестері»

4. «Қазіргі ғылымдағы Байтұрсынтану».

Ал, 2023 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді.

Сонымен қатар, балаларға арналған бөлім ашу қарастырылып отыр. Себебі, балалар әдебиетін де оқу маңызға ие.

Шара соңында Көкшетау облыстық «El-jastar» театры Алаш зиялылары мен Ахмет Байтұрсынұлының қасіретті тағдырын көрсететін көріністі сахналады.

Айта кетейік, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы базасында өткізіліп келеді. Міндеті – қазақ әдебиетін дәріптеу, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға