Жаңалықтар

Бір де бір спортшымыз допинг дауына іліккен емес. Елімізге ең көп жүлде әкеліп жүрген – біздің нысана көздеушілер – Олег Почивалов

Бір де бір спортшымыз допинг дауына іліккен емес. Елімізге ең көп жүлде әкеліп жүрген – біздің нысана көздеушілер – Олег Почивалов
Фото: © El.kz 01.11.2023 17:00 2378

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында кейбір спорт түрлеріндегі көрсеткіштер шынымен қуантты. Мысалы, нысана көздеушілер. Егер басқа спорт түрлеріндегі нәтижеміз де құралайды көзге атқан мергендермен бірдей болғанда, бәлкім Қазақстан  жалпы командалық есептте төртінші немесе бесінші орын алар ма еді? Ханчжоудағы мергендердің нәтижесін қуана қабылдадық. Бірақ нысана көздеудегі бұл дәстүр бұрыннан қалыптасқанын айта кеткен жөн. Осы ретте «Қазақстан спорттық ату федерациясының» бас хатшысы Олег Почиваловпен еліміздің танымал спорт журналистері кездесіп, аз-кем сұхбаттасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

- Олег Владимирович, құралайды көзге атқан мергендеріміз еліміздің спорт жанкүйерлерін қуанта білді. Ал өзіңіз федерацияның бас хатшысы ретінде спортшылардың нәтижесін қалай бағалайсыз?

- Азия ойындарына жалпы саны 45 ел қатысты. Соның ішінде мергендеріміз жалпы командалық есепте  үшінші орынға ие болды. Менің ойымша, бұл үлкен жетістік және бүкіл командамыздың көп жылдық жұмысының нәтижесі. Біздің құрама 10 медаль жеңіп алды. Мергендер – Қазақстанға алғашқы алтынды сыйлады. Осылайша, халықаралық аренада елдің имиджін көтеріп, Азия ойындарына қатысқан Қазақстанның барлық спортшыларына жігер мен мотивация берді.

Ал ҚФСҚ (Қазақстандық спорттық ату федерациясы) Қазақстанның барлық спорт федерациялары арасында көшбасшылық позицияға ие болды.

Азия ойындары, Дүниежүзілік Универсиада, әлем чемпионаттары, Азия чемпионаты сияқты кешенді халықаралық спорттық іс-шаралар ғана елдегі және халықаралық аренадағы спорттың нақты дамуын көрсетеді! 2005 жылы бас бапкер болғанмын. Сол кезден бері  кезден айтып келемін.

Бір де бір спортшымыз допинг дауына іліккен емес. Елімізге ең көп жүлде әкеліп жүрген – біздің нысана көздеушілер – Олег Почивалов

Мәселен, Әзірбайжанда өткен әлем чемпионатында біздің мергендеріміз Ислам Сәтбаев Қазақстан үшін Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін алғашқы олимпиадалық лицензияға қол жеткізді. Сол кезде біз Қазақстанның олимпиадалық спорт түрлерінің арасында бірінші және жалғыз болдық.

Сондай-ақ Азия чемпионаты аясында Парижге тағы бір жолдама алған Арина Алтухова да қошеметке лайықты спортшы.

- Олег Владимирович, сізге сұхбаттасқан кезде сұрамаса болмайтын сұрақ бар. Ол 2021 жылы БАҚ беттерінде қос азматтығыңыз бар екені туралы шу болды. Осы сұраққа нүкте қойғыңыз келмей ме?

- Иә, елдегі нысана көздесу спортының жұмысына және дамуына қатты кедергі келтірген осындай жағымсыз ақпараттар тарады. Бірдеңе дәлелдеудің және ақталудың еш мағынасы жоқ деп ойлаймын. Өйткені бұл жалған ақпарат. Сол кезде құжаттың жалған көшірмесі желіге тарап кетті, шамасы, бұл біреуге өте қажет болған шығар. Ақиқат мен жағында. Осы жылдар ішінде қай елде тұрып, немен айналысып жүргенімді бәрі біледі. Құдай берген күш пен уақытымды қай елге жұмсап жүрмін?! Тіпті, біреулер Кипр, Израиль және Кувейт азаматтығы да бар деп жазды. Өйткені стендтік атудан Азия чемпионаттары мен Азия спорттық ату конфедерациясының атқарушы комитетінің отырысы осы елдерде өтті.  Мен Азия спорттық ату конфедерациясының атқарушы комитетінің мүшесімін және Азияның ату спортына өзгерістер мен инновациялар енгізу туралы шешім қабылдау үшін барлық отырыстарға міндетті түрде қатысуым керек. Барлық мүшелер отырыстарға қатысуға міндетті.

Азаматтыққа қатысты «нүкте» қой десеңіз, ата-бабамнан бастап айтайын. Ата-анам да, менде Қазақстанда дүниеге келгенбіз. Мектепті, университетті де Қазақстанда оқыдым. Өмірімді Отаныма арнап қана қоймай, балаларымды спортқа баулыдым. Барлық балаларым спортпен шұғылданады, олардың болашағы нысана көздеумен байланысты. Менің әкем КСРО-ның нысана көздеу және стендтік ату бойынша спорт шебері Владимир Почивалов. Әкем екеуіміз де өзімізді елдегі нысана көздеу спортын дамытуға толықтай күш салдық. Мен әлі күнге дейін осы саланы дамытумен айналысып келемін. Мен және командам стендтік ату мектебін нөлден бастап құрдық. Шәкірттеріміздің жетістігі арқасында халықаралық аренада Қазақстанның әнұраны бірнеше рет шырқалды және біздің көк туымыз желбіреді! Сондықтан мұндай жала негізсіз.

Мұндай жалған айып Қазақстанның ең мықты адвокаттарына да түсініксіз болды. Түпнұсқа емес, осындай көшірмеге қарап, қалай шешім қабылдауға болатыны маған әлі де түсініксіз. Содан кейін Ресейдің ІІМ сайты арқылы жеке өтініш жаздым. Содан кейін олар «Почиваловта Ресей азаматтығы жоқ» деп жауап жіберді. Мен тек Малькольм Форбстың сөзін қайталағым келеді: «егер сізді ешкім сынамаса, онда сіз әлі жетістікке жетпеген жансыз».

- Елімізде нысана көздеу спортын дамыту мен насихаттау үшін не істеліп жатыр? Бұл спорт бойынща қандай өңірлер көш бастап тұр?

- Қазақстанда және халықаралық аренада нысана көздеуді дамыту және танымал ету үшін орасан зор жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатқа федерацияның бүкіл штабы жұмыс істеуде. Оның ішінежаттықтырушылар, дәрігерлер, менеджерлер, массажистер, психологтар және т.б. кіреді.

Қазіргі кезде нысана көздеу спорты Қазақстанның 12 өңірінде: Астана, Шымкент, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Рудный, Орал, Тараз, Атырау, Алматы және Қызылорда облыстарында жақсы дамып келеді. Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл уақыты» жолдауында айтқандай, өскелең ұрпақтың спорттық, шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет. Осы тұрғыда Шымкент, Алматы және Астана қалаларында стендтік және оқ ату бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен мамандандырылған сыныптары ашылды.

Егер Қазақстан өңірлеріндегі ату спорты түрлерін дамыту мен танымал етудегі көшбасшылық туралы айтатын болсақ, онда ату бойынша ұлттық команданың құрамындағы спортшылардың 75%-ы Шымкент қаласының өкілдері.

- Бұл қаншалықты қымбат спорт түрі?

-  Нысана көздеу гольф пен тенниспен қатар қымбат спорт түрлерінің қатарына жатады. Бірақ біз оны жас ұрпаққа қол жетімді ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Спортшылар тегін айналысады, мемлекеттен қолдау ретінде жабдықтар мен спорттық мылтық беріледі.

Бірақ қымбат болғанымен ату спорты жүзу мен жеңіл атлетикадан кейін медаль саны бойынша үшінші орында. Ал допингтің болмауы, объективті төрешілік және жаттықтырушы-оқытушылық әлеуеттің арқасында қазақстандық спорттың көшбасшысына айналуға бар мүмкін бар!

(Орташа алғанда, бір спорттық мылтықтың құны 1 миллион теңгеден, атыс кеудешесі 100 мың теңгеден, атыс көзілдірігі 250 мың теңгеден, патрондар 150 мың теңгеден, нысаналар 90 мың теңгеден басталады. Жиын кезінде бір атқыш үшін және күніне 1 жаттығу 50 мың теңгеден басталады.)

Бір де бір спортшымыз допинг дауына іліккен емес. Елімізге ең көп жүлде әкеліп жүрген – біздің нысана көздеушілер – Олег Почивалов

- Нысана көздеумен ересектер де, жас спортшылар да айналысады. Халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсету үшін не жастан айналысқан дұрыс?

- Нысана көздеуді қай жастан бастасаң да ешқашан кеш емес! Мысалы 60 жастан асып, Олимпиада, әлем чемпионаттарында топ жарғандар бар. Біз балаларды 12 жастан бастап жинаймыз, бірақ бәрі денсаулықтың жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жаттықтырушылардың міндеті – бәрін жаппай қабылдап, арнайы сыныптар деңгейінде нағыз талантты табу. Үздіктерді іріктеп, нысана көздеуге үйреткен соң, ол нағыз гауһарға айналып, көп жылдар бойы жарқырап, елімізді бүкіл әлемге танытады.

- Спорт секцияларына келушілер санын қалай арттыруға болады және сіздің жобаларыңыздағы мемлекеттің қатысу деңгейі қандай?

- Спорт түрінің нәтиже беруі – бұл белгілі бір спорт түріне деген үлкен қызығушылықтың оянуы. Бүгінгі таңда, шынында да, біз көшеде балаларды доп немесе футбол ойнап жатқанын көрмейтін болдық. Өйткені қазіргі балалар көбіне әлеуметтік желіде отырады. Оларды қызықтыру үгін әр түрлі видеолар түсіріп, таратамыз. Біздің федерацияның Instagram-дағы парақшасында 13 мың жазылушы бар. Онда спортшылардың нәтижелері бар видеолар үнемі шығып тұрады. Бұл да жас балаларды спортқа тартуға көмектеседі, тіпті Қазақстанда ату спорты бар деген ақпараттың өзі де осы спортқа қызығушылық тудырады.

Егер балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға арналған жобаларға мемлекеттің көмегі мен қатысуы туралы айтатын болсақ. Онда бізде Шымкент, Алматы, Астана қалаларында стендтік және оқ атудан жасөспірімдерге арналған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен мамандандырылған сыныптар ашылды. Мамандандырылған сыныптар – бұл спорттық мектептер үшін керемет, себебі оларға қатты көмек пен қолдау береді. Өйткені арнайы сыныптың түлегі, кем дегенде, спорт шеберіне үміткер болып шығады, яғни арнайы сынып өңірлерден құрама командалар үшін резервті дайындау бойынша спорт мектептерінен үлкен жүктемені алып тастауға сеп болады. Нәтижесінде спорт мектебіне жетістігі бар 50%-ға дайын спортшы қабылданады. Мемлекет Шымкент пен Алматы облысындағы мемлекет-жекеменшік әріптестік жобаларын (Байсерке кентіндегі А.Асановтың атқыштар клубы) 10 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге қолдады. Бұл Қазақстанның ұлттық атқыштар командасының олимпиадалық резервін дамыту мен дайындауға зор үлес қосады.

- Федерация ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығымен бірлесіп қандай жұмыс істейді?

- Біздікі техникалық, қолданбалы спорт түрі. Кейде спортшы күні бойы (12 сағаттан) өнер көрсетеді. Сондықтан физикалық және психологиялық жағдайды қолдау үшін Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығымен үнемі жұмыс жүргізіледі. Әрбір оқу-жаттығу жиындарында, жарыстарда республикада да, халықаралық аренада да бізде әрдайым дәрігер, массажист және психолог болады. Бұл біздің спортшыларымыздың жетістігінің міндетті әрі ажырамас бөлігі.

- Нысана көздеу спорты бойынша құрама басшылығы тұрғысынан спорттық дәрігерлер тарапынан нені жақсарту қажет?

- Біздің спортшыларға жарыстан кейін тез әрі тыныш қалпына келу үшін энергия қажет. Біреуде нәтижесі төмендейді, ал біреуде керісінше жақсара түседі. Бұл үшін күшті психологиялық дайындық қажет және спортшылардың витамин қабылдауын күшейтуге тиіспіз. Бұрын командада психолог болған, қазір бұл штат қысқартылды. Біз бұл штатты Спортты дамыту дирекциясы арқылы қайтарғанын қалаймыз.

- Біздің елімізде ұрпақтар сабақтастығы сақталды деп айтуға бола ма, әлде осы спорт түрінде «дәстүрді жаңғырту» сөзін қолдану дұрыс па?

- Әрине, стендтік атудың тамыры аңшы мылтықтарымен құстарды атқан аңшылардың жарыстарында жатыр. Мұндай жарыстар Еуропада орта ғасырларда өтті. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында, соның ішінде бірнеше алғашқы заманауи Олимпиада ойындарында атқыштар ауаға лақтырылған тірі көгершіндерге оқ ататын. Содан кейін көгершіндерді табақтарға ауыстырды. Стендтік ату заманауи Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіреді және ең көне олимпиадалық спорт түрі саналады. Ұрпақтар сабақтастығы – бұл үзуге болмайтын жіп, оны сақтау керек. Шынында да, біздің спорт тарихпен үндеседі, ол өз халқының рухын да, мәдениетін де сақтайды. Нысана көздеу спортында жас шектеуі жоқ болғаны да қандай жақсы. Мәселен, Азия ойындарында командалық есепте біздің спортшы Ольга Панарина алғашқы алтын медальді жеңіп алды. Ал ол 53 жаста және ату спортында мұндай мысалдар өте көп. Бұл тек дәстүрді жаңғырту емес, бұл ұрпақтар сабақтастығын қолдау.

- Қазақстандық жанкүйерлердің Париждегі Олимпиада ойындарынан медаль күтуіне негіз бар ма?

- Бұл біздің осы кезеңдегі басты мақсатымыз және міндетіміз! Біздің мергендер 1996 жылдан бері бір де бір олимпиададан қалыс қалған емес. «Олимпиада ойындарына қатысушы» деген сөздің өзі әр спортшыға бұйыра беретін бақ емес. Бүгінгі таңда 2024 жылғы Олимпиадаға 4 лицензия жеңіп алдық. Біз Парижде әр спортшыға жүктелген жауапкершілікті түсінеміз. Оқырмандар мен спорт жанкүйерлерін қазақстандық мергендерге сенім артуға шықарамын. себебі Париж төрінде медальдар үшін соңына дейін таласатын боламыз.

- Әңгімеңізге рахмет!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға