Жаңалықтар

«Бір-бірлеріңмен орысша сөйлесесіңдер, оңбағандар» деген балалар бапкері кешірім сұрады

«Бір-бірлеріңмен орысша сөйлесесіңдер, оңбағандар» деген балалар бапкері кешірім сұрады
Фото: Видеодан кадр 23.10.2023 12:48 16382

Соңғы кезде әлеуметтік желіде танымалдылығы артқан бокс бапкері Мұхит Амантаев Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында өзінің көпшілік арасында қызу талқыға түскен сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, Мұхиттің балаларды жаттықтыру кезінде: «бір-бірлеріңмен орысша сөйлесесіңдер, оңбағандар» деген сөзі желіде тарап, қоғам пікірі қақ жарылған болатын.

Оқи отырыңыз:

Эмоциямды жасыра алмайтын адаммын. Жаттығу кезінде, тәрбие кезінде ашумен кейде біраз артық сөз шығып кетеді. Менің бапкер болғаныма бес жыл болды, бұл әңгіменің айтылып келе жатқанына да сол бес болды. Қазақ балалары тым құрыса залдың ішінде бір-бірімен қазақша сөйлессе екен деген ниет-тілек. Әйтпесе балаларға жаман әдет үйретіп жатқан жоқпын.

Бокс бапкері бұл айтқаны қателік болғанын мойындап, ол үшін кешірім сұрайтынын да жасырмады.

Әрине, мұным дұрыс болған жоқ. Ол үшін кешірім де сұраймын. Бірақ камераға қарап емес. Мен балалардан күнделікті кешірім сұраймын. Жетістікке жетсе, қуанышына ортақтасамын. Жеңіліп, жыла қалып жатса, құшақтап, бетінен сүйемін, «мойыма» деп жігерлендіремін, - деді бапкер. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға