"Бір-бірімізбен бәсекелеспеуіміз керек". Тоқаев Ресеймен ынтымақтастық форумында сөз сөйледі
Ресей президенті Владимир Путин мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимі арқылы қатысуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Форумда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымының төрттен біріне жуығы өсіп, 3,6 миллиард долларды құрағанын атап өтті.
Біздің сауда-экономикалық, инвестициялық саладағы, өнеркәсіптік кооперациядағы өзара іс-қимылымыз жылдан-жылға тұрақты өсуді көрсетіп отыр. Мәселен екіжақты тауар айналымы бүгінде 27 млрд долларға жетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан мен Ресей ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі өндірушілерінің бірі және астық экспорты бойынша әлемдік көшбасшылардың 10-на кіреді. Қазақстан мен Ресейдің үлесіне дүние жүзіндегі егістік жерлердің 10% - ға жуығы және жайылымдық және шабындық алқаптардың 9% -ы тиесілі.
Бұл ретте Президент форумда сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік, тыңайтқыштар мен тұқымдар халықаралық санкциялардың әсерінен шығарылуы тиіс екенін атап өтті.
Біз ЕАЭО тыңайтқыштар нарығында бір-бірімізбен бәсекелеспеуіміз керек деп санаймын, - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, Ресей әлемдегі ең ірі тыңайтқыш экспорттаушылардың бірі.
Бүгін Ресей президенті Владимир Путин елімізге ресми сапармен келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік әріптесін елорда әуежайында қарсы алды. Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы биылғы сегіз айда 17 миллиард долларға жеткен. Бұл 2022 жылғы қаңтар-тамыздағы мәміле көлемінен 1,1% пайызға артық.